Абай облысы Білім басқармасына қарасты «Геологиялық барлау
Абай облысы Білім басқармасына қарасты «Геологиялық барлау колледжінде» өткен Ашық есік күніне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу базасымен, мамандықтарымен және білім беру мүмкіндіктерімен танысты📚 Сонымен қатар, колледж мамандарымен жүздесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашаққа бағыт-бағдар алды. Мұндай экскурсиялар – оқушылардың кәсіби таңдауға деген қызығушылығын арттырып, дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді