31
октябрь
2024
Әлеуметтік педагог уақытша бос лауазымға (декреттік демалыстағы қызметкердің орнына) конкурс жариялайды.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепбі» КММ
әлеуметтік педагог уақытша бос лауазымға
(декреттік демалыстағы қызметкердің орнына)
конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған ұйым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагог уақытша бос лауазымға (декреттік демалыстағы қызметкердің орнына)конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы , Семей қаласы, Молодогвардейская көшесі, 48А
Байланыс телефоны: 8 (7222) 54-62-56
Электрондық мекенжай : School-box-33@mail.kz
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:
«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «АО білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің ММ, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады 31.10.2024-08.11.2024 ж.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
- жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
- Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог» біліктілігі немесе «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
- Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;
Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, физиология, гигиена;
тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;
оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;
шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;
озық тәжірибені енгізу;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
4) "педагог-шебер":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;
10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай: Абай облысы, Семей қаласы, Молодогвардейская көшесі, 48А
Байланыс телефоны: 8 (7222) 54-62-56
Электрондық мекенжай : School-box-33@mail.kz