Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 29 қаңтарында мектеп жұмысының өзекті мәселелрін талқылауға арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. » Средняя общеобразовательная школа № 33
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№33 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 54-62-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-07-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 29 қаңтарында мектеп жұмысының өзекті мәселелрін талқылауға арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
29
январь
2025

Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 29 қаңтарында мектеп жұмысының өзекті мәселелрін талқылауға арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

     Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 29 қаңтарында мектеп жұмысының өзекті мәселелрін талқылауға арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
    Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды.
1. Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы.
2. Түлектерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындау туралы.
3. Кәмелетке толмағандардың  құқық бұзушылықтың алдын алу. Балалардың қауіпсіздігі.
4. 11-13 жас аралығындағы қыздарға адамның папиллома вирусына қарсы екпе жүргізу және инфекциялық аурулардың алдын-алу
5. Мектептің асханасында тамақтану сапасы және тегін тамақтанатын оқушыларды «Әлеуметтік әмиян»,«Foodcard» қосымшасымен тіркеу туралы
6.Әртүрлі мәселе.
    Мектеп директоры Сыдық Қ.Т сөз бастап, мектебімізде атқарылып жатқан іс-шаралар мен І жартыжылдықтағы қорытындысына есеп беріп, болашақ жоспарлар мен жаңа жобалар туралы ақпараттармен бөлісті. 
     Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Шулембаева А.М. сөз алды. Ата-аналарды қорытынды аттестаттаудың талаптары мен өткізілу тәртібі, емтихан алынатын пәндер бойынша нұсқаулықпен, мектептегі қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындау  жұмыстарымен таныстырып, өтіп.

     Кәмелетке толмағандардың  құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі бойынша Семей қаласының Әуезов полиция бөлімшесінен келген полиция капитаны Есенов Ә.А. және полиция майоры Толеуов Қ.Т. сөз алып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз  қалуының алдын алу туралы сөз қозғады.

     11-13 жас аралығындағы қыздарға адамның папиллома вирусына қарсы екпе жүргізу және инфекциялық аурулардың алдын-алу мәселесімен СЭС маманы Касымова С.А.,  №5 Дәрігерлік Амбулаториядан келген дәрігер Кенжебекова Д.Р. мен акушер-гинеколог Оспанова Б.Ш. қатысып, адамның папиллома вирусына қарсы екпе алудың маңыздылығына тоқталып өтті.
      Күн тәртібінің келесі сұрағы бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Төлегенова А.Т. сөз алып, мектеп асханасында тамақтану сапасы мен тегін тамақтанатын оқушыларды «Әлеуметтік әмиян»,«Foodcard» қосымшасымен тіркеу мәселелерімен таныстырып өтті.
     Аталмыш жиналысқа қатынасқан ата-аналар мектеп әкімшілігіне, келген полиция және медицина қызметкерлеріне сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

                                                                Мектеп директоры Сыдық Қ.Т
                                                                                        директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Шулембаева А.М.  


СЭС маманы Касымова С.А., №5 Дәрігерлік Амбулаториядан келген дәрігер Кенжебекова Д.Р. мен акушер-гинеколог Оспанова Б.Ш.


                     Әуезов полиция бөлімшесінен келген полиция капитаны Есенов Ә.А. және полиция майоры Толеуов Қ.Т.      
                                                           Мектептің әлеуметтік педагогы Төлегенова А.Т.