Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгер бос орнына конкурс жариялайды. » Средняя общеобразовательная школа № 33
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№33 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 54-62-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-07-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгер бос орнына конкурс жариялайды.
18
февраль
2025

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгер бос орнына конкурс жариялайды.

Абай облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме тәлімгер  лауазымдық   қызметіне   конкурс  жариялайды.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Молодогвардейская 48 А. 

Байланыс телефоны: 8 (7222) 54-62-56

Электрондық мекен-жайы : School-box-33@mail.kz


Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасы   Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің  «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы   хабарлама  жариялаған  күннен бастап   7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады 18.02.2025-27.02.2025ж.


Лауазымдық міндеттері:  

–   өзіне бекітілген топта сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарын            ұйымдастырып, жүргізеді, сондай-ақ оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) арасында мәдени-демалыс сипатында шаралар өткізеді;

–    тәрбие жұмысында оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады;

–    тәрбиеленушілер бойындағы азаматтық адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, оларды оқуға, еңбекке, қоғамдық меншік пен жеке меншіктегі мүліктерге жауапкершілікпен қарауға үйретеді, мәдениетті мінез-құлыққа дағдыландырады;

–    оқушыларға (топтағы тәрбиеленушілерге) эстетикалық тәрбие беру ісін жүзеге асырады;

–    оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) денсаулығының сақталуын және нығаюын қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін шаралар өткізеді (медицина қызметкерлерімен бірге);

–    оқушылар (тәрбиеленушілер) арасында түзеу-дамыту жұмыстарын (топ бойынша немесе жекелей) жүргізеді;

–    мінез-құлық ауытқуларының, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізеді;

–    оқушылардың (топтағы тәрбиеленушілердің) жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсетуі, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауы, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жөнінде тиісті жұмыстар ұйымдастырады;

–    оқушылардың (тәрбиеленушілердің) бойында қызметтің белгілі бір түріне деген қызығушылықтың пайда болуына, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауына жәрдемдеседі, ықпал етеді;

–    оқушылар (тәрбиеленушілер) ұжымы қызметіндегі өзін-өзі басқару бастамаларын ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушылар (тәрбиеленушілер) активінің жұмысын ұйымдастырады;

–    оқушылардың (топтағы тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, олардың отбасындағы жағдайы мен тұрмыстық хал-ахуалын зерттеп, зерделейді;

–    тәрбиеші көмекшісінің, кіші тәрбиешінің және басқа қызметкерлердің бірыңғай білім беру процесі аясындағы жұмыстарын үйлестіреді;

–    аға тәрбиеші міндетін атқару кезінде тәрбиешілер жұмысын басқарады, оларға әдістемелік көмек көрсетеді, озат педагогикалық тәжірибелерді қорытуға атсалысады, тәрбиешілер біліктілігін көтеруге, олардың творчестволық бастамаларын дамытуға жәрдемдеседі;

–    қоғамдық ұйымдар, қайырымдылық қорлары өкілдерін, қосымша білім беру мекемелері қызметкерлерін оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) ұжымымен жұмыс жүргізу ісіне қатысуға тартады;

–    оқушылардың (топтағы тәрбиеленушілердің) күн режимін орындауларын бақылайды, үй тапсырмаларын әзірлеуді, мәдени-демалыс, сауықтыру т. б. шараларын ұйымдастырады;

–    оқушыларды өз бейім, қабілеттеріне қарай көркем шығармашылық, ғылыми-техникалық, спорт секцияларына, клубтар жұмысына тартады;

–    ата-аналармен және педагогтармен тұрақты байланыс орнатады, оқушыларға (топтағы тәрбиеленушілерге) педагогикалық талаптардың бірыңғай сипатта болуына қол жеткізеді;

–    өзіне бекітілген топта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

–    әдістемелік жұмыстарға қатысады және өз біліктілігін арттырып отырады;

–    тәрбие жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар ендіреді;

–    өз жұмысын сынып жетекшісі жұмысымен үйлестіреді;

–    топ туралы белгіленген құжаттамаларды жүргізеді, әкімшілікке үлгірім, тәртіп туралы мәліметтер береді, оқушылардың (өзіне бекітілген топтағы тәрбиеленушілердің) мінездемелерін әзірлейді;

–    балаларды мұғалімдерден, ата-аналардан немесе оларды алмастыратын тұлғалардан тізім бойынша қабылдап алады;

–    оқушылар тарапынан Ішкі тәртіп ережелерінің орындалуына, этикалық және мінез-құлық мәдениеті нормаларының сақталуына, №37 гимназия мүліктерін ұқыпты сақтауына қол жеткізеді;

–    оқушылардың (өзіне бекітілген топтағы тәрбиеленушілердің) тамақтануын ұйымдастырады және қадағалайды;

–    оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) арасында салауатты өмір салтын насихаттайды, зиянды әдеттермен күрес жүргізеді, оқушылардың сыртқы кескін-келбетін бақылайды және олардың жеке гигиена ережелерін сақтауын қадағалайды;

–    өзіне бекітілген топта еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

–     тұтанғыш және жарылғыш заттар мен қондырғыларды, сигарет, папирос,      темекі, спиртті ішімдік, есірткі және еліткіш нәрселер мен суық қаруларды тез арада алып қояды. Алынған заттар туралы директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына жазбаша мәлімет береді

- «Жас Ұлан » мектеп комитетінің жұмысын ұйымдастыру, сынып белсенділерімен жұмыс


 Біліктілікке қойылатын талаптар: 

-      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім; 
   -     біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім



Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады. 

1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

            Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

            Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: Абай облысы  Семей қаласы, Молодогвардейская,48 А

Байланыс телефоны: 8 (7222) 54-62-56

Электрондық мекенжай: School-box-33@mail.kz




Похожие публикации:

19 август 2024 Бос жұмыс орыны
19 август 2024 Бос жұмыс орыны
19 август 2024 Бос жұмыс орыны
19 август 2024 Бос жұмыс орыны