14 февраль 2025 0 1 2 3 4 5 «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өткізілді. Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өткізілді. Акцияға 1-11 сыныптар, ұстаздар ат салысты. Абай атындағы әмбебап кітапханасы М.Қарттың «Семейден ескен самал» атты жергілікті ақындардың өлеңдер жинағын мектеп кітапханасына сыйға тартты.