21
январь
2025
“Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман” апталығы аясында ұйымдастырылған “Мамандықтар әлеміне саяхат” ток-шоуы өтті.
2025 жылдың 21 қаңтары күні мектебімізде “Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман” апталығы аясында ұйымдастырылған “Мамандықтар әлеміне саяхат” ток-шоуы өтті. Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беру, кәсіптік бағдар арқылы білім алу мүмкіндіктері мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру. Шара болашаққа деген сенімділік пен саналы таңдау жасауға ынталандыруды көздейді.