17
март
2017
Қош келдің, әз-Наурыз
Наурыз айының 17,18 күндері мектебімізде 1-11сынып оқушылары арасында ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі
тойланды. 1-4 сынып оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Қыздар
ұлттық нақыштағы киімдерден сән үлгісін көрсетті. Оқушыларға Қыдыр ата бата беріп, «Ұйқыашар», «Селтеткізер» сынды көрініс көрсетілді. Әртүрлі ұлттық ойындар ханталапай,арқан тартыс, қыз қуу ойнатылды. Қара жорға биін көпшілік болып жарыса биледі.
5-7 сыныптар арасында «Қош келдің, әз-Наурыз» мерекесіне оқушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп,мерекеге белсене қатысты. Әр сынып қазақи дастархан, ұлттық киім, қазақ үй әзірлеуден сайысқа түсті.
8-11 сыныптар іс-шарада «Алаш қозғалысының» 100 жылдығана орай ауылдарға бөлінді: «Алаш Орда», «Алихан», «Әлімхан», «Шәкәрім», «Мұхтар».