11
октябрь
2021
11- қазан Халықаралық қыздар күні мерекесі.
11- қазан Халықаралық қыздар күні мерекесі жоспарына сай, 8 – 11 сыныптың оқушы қыздарына «Әдепті қыз – ұлт болашағы»,«Ерте жүктіліктің алдын – алу» мақсатында №5 амбулаториялық емханадәрігерлерімен бірлескен дөңгелек үстел отырысы болды. Акушер – гинеколог Мырзахметова Еркежан Мырзахметовна «Ерте жыныстық қарым – қатынастың зардабы», «Жұқпалы жыныстық аурулар», «Ерте жүктіліктің ертеңі» т.б. қыздарға қатысты ауқымды тақырыпта құнды ақпараттарымен бөлісе білді. Оқушыларымызға тәрбиелік мәні бар видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық үлестірме таратылды. Дөңгелек үстел барысында оқушы қыздарымыз өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.