5 сыныптардың «Жас Қайрат» атындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануы. » Средняя общеобразовательная школа № 33
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№33 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 54-62-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-07-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 сыныптардың «Жас Қайрат» атындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануы.
02
декабрь
2021

5 сыныптардың «Жас Қайрат» атындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануы.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектебімізде жоспарлы түрде іс-шаралар басталды.                                                            Бұл іс-шаралар: "Тәуелсіздіңтің таңдары" атты 8-11 сыныптарға арналған дөңгелек үстел(кездесу). 5 сыныптардың «Жас Қайрат» атындағы  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануы. Осы іс-шараларға желтоқсан оқиғасының куәгерлері, қатысушылары Сабира Мухамеджанованың курстастары, "Желтоқсан Республикалық халықтық-демократиялық қозғалысының облыстық" төрайымы Эльмира Жүрсінбекқызы және осы қауымдастық мүшелері: 
Рамазанов Манатбек,Рақымжанова Анар,Камалиев Бекжан,Абдрахманова Еркежан, Кенжеханова Роза,Раисова Роза,Орақбаев Бақыт қонақ болып келіп, «Жас Қайрат» атындағы  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданушыларының мойындарына галстук пен төсбелгіні тағып, құттықтау сөздерін арнады.                    Мәңгілік ел кабинетінінде дөңгелек үстел сәттерінде оқушылармен кездесіп, өткен күндерден естелігін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жақсы сұхбат жасады.                      Кеш соңында мектептегі Қайрат Рысқұлбеков атындағы мұражайға кіріп, экспонаттармен танысып, мектеп басшысы Серік Ғабдоллаұлына ризашылықтарын білдіріп, мұражайдың экспонаттары қатарына, Қайрат Рысқұлбековтың өз қолымен жазылған естеліктері, қара сөздері жинақша кітапшасын  берді.