1 қыркүйек Білім күні
Мектебімізде "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбындағы салтанатты жиын ерекше көңіл күйде өткізілді. Алтын ұя мектептерімен қауышқан оқушылар мен ата-аналар, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары қоңырау сыңғырын естіп, жаңа оқу жылына қадам басты. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Айнур Серғалиевна құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен құттықтады.