5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне және Ұлы ақын Абай
«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББ мектеп» КММ-де Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК хатына сәйкес өткізілген, 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне және Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбында «Жалпықазақстандық ашық диктант» жұмысы өткізілді. Диктант жұмысын жазуға 9-11 сынып оқушылары қамтылып, 107 оқушы қатысты.