Электротехника колледжінің ұжымы 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар
Электротехника колледжінің ұжымы 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.️ Кездесу барысында талапкерлерге колледж мамандықтары, оқу ерекшеліктері және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауы жөнінде пайдалы кеңестер алды. Мақсатымыз – әр оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беріп, саналы таңдау жасауына қолдау көрсету.