"Мен кім болғым келеді?" атты суреттер мен шығармалар байқауының қорытындысы » Средняя общеобразовательная школа № 33
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№33 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 54-62-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-07-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен кім болғым келеді?" атты суреттер мен шығармалар байқауының қорытындысы
02
декабрь
2024

"Мен кім болғым келеді?" атты суреттер мен шығармалар байқауының қорытындысы

"Мен кім болғым келеді?" 

атты суреттер мен шығармалар байқауының қорытындысы

Мақсаты:
 Оқушылар арасында еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын дәріптеу, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру мерзімі:

Қатысушылар: 2024 жылдың 02.12-06.12 желтоқсан аралығында өтті. 

Байқауға 0-7 сынып оқушылары қатысты.

Номинациялар:

  1. Сурет номинациясы:

Қатысушылар өз армандарындағы мамандықты сурет арқылы бейнелеп, оның қоғамдағы маңызын көрсетуге тырысты.

  1. Шығарма номинациясы:

Эссе, өлең немесе шағын әңгіме форматында оқушылар өз ойлары мен болашақ мамандыққа деген көзқарасын баяндады.

Жұмыстар саны:

Байқауға барлығы 93 шығарма мен сурет ұсынылды.

Бағалау нәтижелері:

          Суреттер бойынша:

  • Сурет тақырыпқа сәйкес келуі керек («Мен кім болғым келеді?» тақырыбындағы болашақ мамандық немесе арман);
  • Автордың қиялы мен ойының тереңдігі көрінуі керек;
  • Суреттің орындалу деңгейі (материалдарды дұрыс пайдалану, түстерді үйлестіру, шеберлік, суреттің эстетикалық тартымдылығы);
  • Суреттің көрерменге қалдыратын әсері.

     Шығармалар бойынша:

  • Шығарма «Мен кім болғым келеді?» тақырыбына сәйкес жазылуы керек;
  • Ойдың тереңдігі мен тақырыптың жан-жақты талдануы бағаланады;
  • Шығарманың құрлымы (кіріспе, негізгі бөлім, қырытынды);
  • Қызықты әрі мазмұнды ойлардың болуы;
  • Грамматика, орфография және пунктуациялық дұрыстығы;
  • Шығармадан қалатын эмоционалдық әсері.

Жеңімпаздар:

  1. Сурет номинациясы:
    • I орын: Байтұрсынова Сезім, 6 «Б» сынып
    • I орын: Саидова Айлана, 5 «Б» сынып
    • II орын: Қамсызбай Нуриллә, 6 «Ә» сынып
    • II орын: Тілеуғазы Расила, 6 «Б» сынып
    • III орын: Тұрар Ақнұр, 7 «А» сынып
    • III орын: Тұрарбек Бегзат, 5 «А» сынып
    • III орын: Әлібек Аяулым, 5 «А» сынып
    • III орын: Ержанова Сезім, 6 «Ә» сынып
    • III орын: Семейбаев Акежан, 5 «Б» сынып

Сурет бағыты бойынша қатысқан барлық бастауыш 0-4 сынып оқушыларына «Алғыс хат» берілді. (оқушы саны: 62)

5-7 сыныптар арасында «Сурет номинациясы» бойынша қатысқан (оқушы саны: 4) «Алғыс хат» берілді.

  1. Шығарма номинациясы:
    • I орын: Рымбек Кәусар, 6 «Б» сынып
    • I орын: Мұрат Амина, 5 «Ә» сынып
    • II орын: Байзакова Самира, 7 «А» сынып
    • II орын: Қуантқанова Айтұмар, 7 «А» сынып
    • II орын: Қамсызбай Нуриллә, 6 «Ә» сынып
    • III орын: Абылхаир Айша, 5 «А» сынып
    • III орын: Каликанов Арсен, 5 «Б» сынып
    • III орын: Сапарова Адэля, 6 «А» сынып
    • III орын: Ерболатқызы Камилла, 6 «Б» сынып

5-7 сыныптар арасында «Эссе номинациясы» бойынша қатысқан (оқушы саны: 5) «Алғыс хат» берілді.


https://www.instagram.com/reel/DDQVumwNUpW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Қорытынды:
 Байқау қатысушыларының шығармашылық жұмыстары болашаққа деген сенім мен арманға толы болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды. Бұл байқау оқушылардың еңбекқорлық пен кәсіби бағдар құндылықтарын бойларына сіңіруде маңызды қадам болды.