"Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Біздің үйде қандай мамандықтар тұрады» экскурсиялық видео байқауы » Средняя общеобразовательная школа № 33
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№33 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 54-62-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-07-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Біздің үйде қандай мамандықтар тұрады» экскурсиялық видео байқауы
25
ноябрь
2024

"Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Біздің үйде қандай мамандықтар тұрады» экскурсиялық видео байқауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" құндылықтарын дәріптеу мақсатында "Біздің үйде қандай мамандықтар тұрады?" экскурсиялық видео байқауы ұйымдастырылды.


  • Мақсаты:
     Отбасы мүшелерінің мамандықтарын зерттеу: Оқушылардың өз отбасы мүшелерінің кәсіби қызметтерімен танысуына және олардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсінуіне көмектесу.
  • Отбасылық кәсіптік дәстүрлерді құрметтеу: Оқушыларға отбасы мүшелерінің мамандықтарын мақтан тұтуға, олардың еңбегін бағалауға үйрету және кәсіби дәстүрлердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне мән беру.
  • Мамандықтар туралы қызықты ақпарат ұсыну: Оқушыларға әртүрлі кәсіптерді зерттеп, оларды шығармашылық тұрғыда бейнелеп, басқа адамдарға жеткізуге мүмкіндік беру.
  • Кәсіптік бағдарлау және жеке таңдау: Оқушыларды өздеріне жақын мамандықтарды таңдау туралы ойлануға және отбасы мүшелерінің тәжірибесіне сүйене отырып болашақ кәсіби жоспарлар жасауға ынталандыру.
  • Шығармашылық қабілеттерді дамыту: Оқушыларды видео форматында өз ойын шығармашылық түрде жеткізуге, видео түсіру, монтаждау және сценарий жазу дағдыларын жетілдіруге бағыттау.
  • Отбасының рөлін күшейту: Отбасы мүшелерінің қолдауымен кәсіптік бағдарлауды талқылау және отбасы ішіндегі қарым-қатынасты нығайту.

Ұйымдастыру мерзімі: 2024 жылдың 02.12-06.12 желтоқсан аралығында өтті.

Қатысушылар: Байқауға 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылар видео басында өзін және отбасының қай мүшесінің кәсібін таңдап, зерттеу жасап жатқанын қысқаша айтады немесе жазба түрінде жазса болады. Жіберілген бейнероликтар мектеп инстаграмында, сайтында жарияланады. (Қаралым, лайк, комментарий санына байланысты да бағаланады).

Жұмыстар саны:

Байқауға барлығы 6 ұсынылды.

Бағалау нәтижелері:

Жеңімпаздар:

  • «Бас Жүлде»: Қуанышбекқызы Нұрай, 5 «Б»
  • I орын: Кәрімғазы Бекназар, 5 «Б» сынып
  • II орын: Қанатқызы Айару, 5 «Ә» сынып
  • II орын: Әлібек Аяулым, 5 «А» сынып
  • III орын: Әуелбекова Мөлдір, 5 «Ә» сынып
  • III орын: Ержанова Сезім, 6 «Ә» сынып


Қорытынды:
 "Біздің үйде қандай мамандықтар тұрады?" атты видео байқауы оқушылардың еңбекке және мамандық әлеміне деген қызығушылығын арттыруда ерекше рөл атқарды. Байқау барысында отбасы мүшелерінің кәсібилігі мен еңбектегі жетістіктері дәріптелді. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.