Жас мамандармен, мектепке жаңадан келген ұстаздармен кездесу тренингін ұйымдастырды. » Средняя общеобразовательная школа № 33
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№33 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 54-62-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-07-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандармен, мектепке жаңадан келген ұстаздармен кездесу тренингін ұйымдастырды.
02
октябрь
2025

Жас мамандармен, мектепке жаңадан келген ұстаздармен кездесу тренингін ұйымдастырды.

2 қазан 2025 ж мектебімізде директор, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп психологтары Жас мамандармен, мектепке жаңадан келген ұстаздармен кездесу тренингін ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – жас ұстаздарды, жаңадан келген әріптестерді қолдау, кәсіби дамуына бағыт беру және ұжыммен тығыз байланыс орнату.

Тренинг барысында:

- Мектеп директоры Қ.Т. Сыдық жас мамандарға сәттілік тілеп, мұғалім мамандығының маңыздылығын атап өтті;  
- Директордың  оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.О. Турысбекова оқу-тәрбие  процесі, құжаттар жүргізу мен әдістемелік көмек көрсету жайлы ақпаратпен бөлісті;  
- Мектеп психологтары А.М. Бектурганова, Б.К. Ахметова кәсіби бейімделу, стресс жағдайларын жеңу жолдары бойынша практикалық жаттығулар өткізді.
Кездесу жылы әрі ашық форматта өтті. Жас мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
"Жас маман" видео