
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» тарих факультетінің, II курс студенттерімен бірлесіп, "Мұқағали- Мәңгілік ғұмыр" атты әдеби кеш өткізді. Кеште Мұқағали өлеңдері оқылып, ақын өлеңіне жазылған әндер орындалды. Кеш соңы М.Мақатаевтың "Қош махаббат" драмасы қойылымымен аяқталды. Мектеп директоры Жансұлтанов Серік Ғабдоллаұлы студенттерге өз алғысын білдіріп, ағалық ақылын айтты.